Пәкістан астанасының шетінде орналасқан мешітте жұма намазы кезінде болған жарылыстан 31 адам қаза тауып, 169 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Тілші» Orda.kz сайтына сілтеп.
Исламабад полициясы мешіттегі жарылыстың арнайы шабуыл екенін айтып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Құтқарушылар мен куәгерлер кейбір жараланғандардың жағдайы тым ауыр екенін жасырмады.
Бұл 2023 жылғы қаңтарда Пешавар мешітінде болған жарылыстан кейінгі елдегі ең ауқымды шабуыл.
Билік шабуылдың артында Пәкістан Талибаны немесе Tehrik-i-Taliban Pakistan (TTP) тұр деп болжайды.

