Aqtobe Day

Күйеуін өлтірген ақтөбелік әйел рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты

Фото: kaz.inform.kz

Сот-медициналық сараптама кезінде сотталушының аффект жағдайында болғаны анықталды. Прокурор істі Қылмыстық кодекстің «Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру» бабына ауыстырды, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Ксения Седоваға үкім шықты. Алғашында оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен айып тағылды. Кейін прокурор оны Қылмыстық кодекстің 101-бабы 1-бөлігіне ауыстырды. Сотталушы соңғы сөзінде өзін және қызын қорғағанын айтып, әділ шешім шығаруды сұрады.

— Адам өлтіру туралы ойым болмады. Мен тек өзімді, өз баламды қорғадым,- деді сотталушы Ксения Седова.

Сотталушы сот залынан бостандыққа шықты.

— Ксения Седова Қылмыстық кодекстің 101-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 1 жыл 6 айға бос бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес К.Седова жазадан босатылсын. Седова сот залынан босатылсын. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 5 млн теңге моральдық, 378 500 теңге материалдық шығын және заңды өкілге 754 325 теңге өндірілсін,- деді судья Ж. Сейтжапаров.

Үкім шыққан соң сотталушы әділдік орнағанын айтып, алғысын жеткізді.

— Қатты уайымдадым, қобалжыдым. Соған қарамастан әділдік орнағанына қуаныштымын. Біздің сот әділ. Үмітім соңына дейін үзілмеді. Не болады, қалай болады деп ойладым. Сот арқылы әділдікке жетуге болатынын түсіндім. Мен жазда үш ай қамауда отырдым. Кейін айыптауда бабын өзгертіп, рақымшылыққа іліктім. Арада екі ай өткенде қайтадан кісі өлімімен күдікке ілігіп, қамауға алды. Сөйтіп 10-қазаннан бастап бүгінге дейін қамауда болдым,-деді сотталушы Ксения Седова.

Еске салсақ, 2025 жылдың сәуір айында сотталушы жұмыстан соң үйіне келгенде күйеуінің ішімдік ішіп отырғанын көреді. Сол кезде екеуі өзара сөзге келіп, жанжал туады. Арада тағы бір жарым сағат өткенде жәбірленуші жазғы үйде жүрген әйелін келіп құшақтайды. Сол кезде оның әрекетін жақтырмаған сотталушы итеріп жіберіп, тағы жаналдасады. Кейін оң жақ кеудесіне, арқасына пышақ сұғып алады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік әйел алаяқтарға 53 миллион теңгесін берген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *