Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбелік әйел алаяқтарға 53 миллион теңгесін берген

Фото: gov.kz

Полицияның ескертулеріне қарамастан, азаматтар алаяқтардың құрбаны болып жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 108 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Жуырда ғана Ақтөбе қаласының тұрғынынан алаяқтар 53 млн теңгеден астам ақша жымқырған.

Жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «Болашақ» бағдарламасының президенті ретінде таныстырған.

Қоңырау шалушы оның алаяқтық әрекеттерді жүргізу мүмкіндігіне тексерілуге жататын адамдар тізімінде тұрғанын және ҰҚК қызметкерімен сөйлесуі қажет екенін хабарлаған.

Әрі қарай өзін «ҰҚК қызметкері» ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, әйелге белгісіз адамдар оның шоттарын пайдаланып алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқанын және оның алдын алу үшін айтқан нұсқаулардың барлығын орындау қажет екенін хабарлаған.

Осылайша, қаскүнемдер алдау арқылы жәбірленушіні екі пәтері мен автокөлігін сатуға мәжбүр еткен.

Осылайша, алаяқтардың шотына жәбірленуші 53 млн теңге аударған. ​
Полиция азаматтарға қырағы болуды ескертеді және күдікті қоңырауларға сенбеуге, жеке ақпаратты бермеуге және алаяқтық оқиғалары туралы дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Жаңа жыл түні Ақтөбеде 102 пультіне 157 қоңырау келіп түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *