Экономика

Қазақстанға шетел банктері келсе, арзан кредит алуға мүмкіндік бола ма

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова шетелдік банктердің елге келуі несие нарығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Қазақстанның қаржы нарығына шетелдік бірнеше банк кіруі мүмкін екенін айтты.

«Әңгіме Ресей сияқты көршілес елдердің банктері туралы болып отырған жоқ. Қазір бірнеше инвестор қызығушылық танытып отыр. Олар Еуропа мен араб елдерінен», — деді ол.

Сондай-ақ, Мәдина Әбілқасымова еуропалық банктер Қазақстанға кірсе, несие қаншалықты арзандауы мүмкін екенін айтты.

«Депозиттердің де, несиелердің де пайыздық стакасы базалық мөлшерлемеге қарай қалыптасады. Депозиттен де, несиеден де қосымша табыс табу үшін банктерге базалық мөлшерлеменің деңгейін ұстау керек болады. Сонымен бірге банктер активінің 30 пайызынан кем емес мөлшерде жоғары ликвидті актив ұстауға тиіс. Бұл салымшылар аяқ астынан активтерді жаппай шешіп алған жағдайға керек. Сондықтан, база – негізгі фактор. Тіпті жаңа банк келген күннің өзінде ол да базалық мөлшерлемеге қарап бағдар ұстайтын болады. Яғни, экономикадағы ақшаның құнына қарайды. Шетелдік банктер келіп, біздегіден басқа мөлшерлемемен несие береді деп күту… Ол бұлай жұмыс істемейді. Экономикадағы ақшаның құны деген бар. Олар базалық мөлшерлеме құнына қарайды», — деді агенттік төрағасы.

фото: immigrantinvest.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *