БАҚ: Қытайдың Африкаға несие беруі жеті жылдан кейін қайта өсті

Reuters: Оңтүстік Судан Президенті Салва Киир, Бейжің, 1 қыркүйек, 2024 жыл.

Жаңа зерттеу нәтижелері бойынша, өткен жылы Қытай Африка елдеріне 4,61 миллиард доллар көлемінде несие бөлуге келісім берді. Бұл 2016 жылдан бері алғаш рет байқалған өсім, деп хабарлайды “Тілші” Reuters-ке сілтеме жасап.

2012-2018 жылдар аралығында Қытай Африкаға жыл сайын 10 миллиард доллардан астам қаржы бөліп келді. Бұл Си Цзиньпин бастаған “Белдеу және Жол” жобасының арқасында жүзеге асты. Алайда, 2020 жылы әлемді жайлаған індет салдарынан несие көлемі күрт азайған еді.

Бостон университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу бұл көрсеткіштің былтыр үш есеге жуық өскенін анықтады. Дегенмен, мамандар мұны Қытайдың қарызға батқан елдерге байланысты тәуекелдерді азайту әрекеті деп бағалап отыр.

Be the first to comment on "БАҚ: Қытайдың Африкаға несие беруі жеті жылдан кейін қайта өсті"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*