Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органы таратқан ақпаратқа сүйенсек, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен «СК Гранд каналы» мекемесі негізгі қызметін атқармай, Жүргенов ауылына елеулі келтірген.

Айта кетейік, «Щербаковское» бөгеті табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасына тиесілі. Былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті бұзылды. Барлығы 178 жеке тұрғын-үйлерден 927 адам (оның ішінде 215-і балалар) эвакуацияланып, 78 тұрғын-үйді су басып, 10 үй қирады.

Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті. Электр және газбен жабдықтау желілері зақымдануынан Жүргенов атындағы ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды.

фото: ТЖМ

Қызық ақпаратыңызбен, фото және видеоңызбен бөлісіңіз.
TilshiNews.kz – сапалы контентті бірге жасайық.
Байланыс: 📞 +7 778 523 44 96 немесе ▶️ @tilshinews.kz (direct)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *