Ақтөбеде көктемді тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттерін табыстау жалғасып жатыр. Бүгін тағы 31 отбасы жаңа қонысқа көшеді. Бұл баспаналар Eurasian Resources Group (ERG) бөлген қаражатқа сатып алынған. Одан бөлек, Топ қаражаты есебінен Ойыл ауданында тұрғын үйлер салынып жатыр. Естеріңізде болса, ERG тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру мен тұрғындарды қолдауға 40 млрд теңге бөлген.
Бүгін кілттері табыс етілген пәтерлер Ақтөбенің жаңадан салынған Юнис Сити ауданында орналасқан. Баспана кілттерін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев табыс етті. Қоныс жаңартқандар арасында көктемгі қарғын суда баспасы суға кеткен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері де бар.
— Біз бау-бақша қауымдастығы аумағында тұратынбыз, — деді №1 балқыту цехының кран машинисті Нұрлан Бектасов. – Былтыр ғана оған толық жөндеу жүргізіп алып едік. Көктемде ол түгел суға кетіп, «қалпына келтіруге жарамсыз» деп танылды. Бүгін пәтер кілтін алып, бақыттан басым айналып тұр.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында да құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. ERG бөлген қаражат есебінен мұнда 175 үй бой көтереді. Құрылыс «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоры арқылы қаржыландырылады. Қазір құрылыстың қарқыны мығым. Үйлерді шілде мен тамыз айларында табыстау жоспарланған.
Одан бөлек, Ырғыз ауданында үй салу мәселелері талқыланып жатыр. Аудандардан дайын үйлерді сатып да жоспарда бар.
— Әлеуметтік бағдарлы компания ретінде біз «ERG-дің туған қалаларының» тұрғындары тап болған түйткілдерден шет қала алмаймыз. Көктемгі тасқын салдарынан баспанасыз қалған қазақстандықтар біздің қаржылай қолдауымыздың арқасында баспаналы болып, қалыпты өміріне оралады деген үіметтеміз,- деді ERG директорлары кеңесінің мүшесі – Бақылау кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов