Су тасқынында үйлері жарамсыз болып қалған ойылдықтар баспаналы болды

Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан баспаналарынан айырылған еді. Араға 4 ай салып аудан орталығынан жаңа қоныстарының кілтін алды, деп хабарлайды «Тілші».

Ойыл ауданының орталығында 21 үйдің құрылысы аяқталды. Жаңа үйлер ERG құрылтайшы-акционерлері бөлген қаражатқа салынған.

Осыған дейін 60 шақты үйі бар Екпетал ауылы тасқын кезінде жойылып кеткен болатын. Ауыл тұрғындарының біраз бөлігі аудандағы дайын үйлерді сатып алса, басқалары жаңа үй құрылысының аяқталғанын күтті. Нәтижесінде күні кеше ойылдықтар жаңа үйлерінің кілтін алып, жасалған жұмысқа ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания тұрғын үй иелеріне тұрмыстық техника табыс етті.

ERG компаниясы Ойыл ауданында Ойыл, Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында 172 үйдің құрылысын қаржыландырды.

Be the first to comment on "Су тасқынында үйлері жарамсыз болып қалған ойылдықтар баспаналы болды"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*