Aqtobe Day

Ақтөбеде «Дарын» сыйлығының иегері алаяқтық әрекеті үшін 5 жылға сотталды

Ақтөбеде «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Жандос Табылғанов алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Тілші» «Время» газетіне сілтеме жасап.

Қоғам белсендісі болған Жандос Табылғанов осыған дейін лауазымды қызметте жұмыс атқарды. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы ретінде көпке танымал оның алаяқтың жасағаны туралы өткен жылы белгілі болған еді.

Сотта Табылғанов тағылған айыпты мойындамады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *