Aqtobe Day

«Көрсеткіш төмендеген»: Асхат Шахаров Ақтөбе әкімі Азамат Бекеттің жұмысына бірқатар сын айтты

Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы басқосуда Асхат Шахаров қала басшысы Азамат Бекеттің жұмысына бірқатар сын айтты, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс басшысы 8 айда Ақтөбеде көтерме сауда, өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіпте және инвестициялар тартуда көрсеткіштердің төмендегенін жеткізді. Сондай-ақ, бірқатар стратегиялық көрсеткіштер орындалмай қалу қаупі туындаған.

«Қала әкімі облыстың салалық басқармаларымен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша өсу резервтерін тез арада іздестіруі қажет», — деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі сондай-ақ жұмыстардың мардымсыздығы және бақылаудың жоқтығын сөз етті. Яғни, биылғы жылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар, соның ішінде жолдарды жөндеуге қатысты жобалар уақытылы іске асырылмаған.

Қаланы күтіп-ұстауға жұмсалған шығындардың екі есеге артқанына, арнайы техниканы сатып алуға 2 млрд теңгеге жуық қаражаттың бөлінгеніне қарамастан, жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмай отыр.

Ірі көлемді қоқыстарды шығару және қаланы абаттандыру жұмыстарының сапасы мәселесі өзекті болып қала береді.

 

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Асхат Шахаров Шалқар ауданының шаруаларымен кездесті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *