Aqtobe Day

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсармен» тең түсті

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы 17-турының орталық кездесуі өтті. Турнирлік кестенің көшбасшысы «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» қабылдап, есеп 1:1 болып аяқталды, деп хабарлайды «Тілші».

Бұл ойын «Ақтөбе» үшін өзінің көшбасшылығын нығайтуға тамаша мүмкіндік еді. Алайда «Қайсар» осы маусымдағы ең күрделі қарсыластардың бірі болды. Ойын қорытындысында екі жақ тең тарқасты. Ақ-қызылдардың қатарына күні кеше қосылған бұрыңғы Панама құрамасының шабуылшысы Фредди Гондола келесі матчты жеңіспен аяқтауға ниетті екендерін жеткізді.

— Бұл біздің алаңдағы алғашқы ойыным. Мені бүкіл команда, ойыншылар, бапкерлер, сондай-ақ трубинадағы фанаттар да қолдады. Мен өзімді жақсы сезіндім. Әрі қарай да солай жалғастырғым келеді. Иә, ойын өте қиынға соқты. Шынын айтқанда біз ойынды алғашқы таймда-ақ аяқтап тастар едік. Бірақ олай жасамадық. Бұл — футбол. Келесі матчты сырт алаңда жеңіспен аяқтауға тиіспіз, — деді ол.

Айта кетейік, ойындағы жалғыз голдың авторы — жартылай қорғаушы Арман Кеңесов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *