Әлем

Ресейлік блогерлер Курск облысында Украина күштері соңғы көпірді жойғанын хабарлады

Украина әскері Ресейдің Курск облысында Сейм өзеніндегі үшінші көпірді жойды. Бұл жөнінде ресейлік блогерлер Владимир Романов және Юрий Подоляка хабарлады, деп жазады Азаттық.

Курск облысының губернаторы міндетін атқарушы Роман Алехин Подоляканың хабарламасын «мұқият тексерілген» мәлімет деп атады. Енді Ресей әскері өзеннен өту үшін понтон қолданып жатқан болуы мүмкін. Көпірдің жойылғанын дәлелдейтін құжат әзірге шыққан жоқ.

Украина қарулы күштері әзірге түсініктеме берген жоқ.

Мәселе Курск облысының Глушков ауданындағы Карыж селосындағы өткелдер жөнінде болып отыр. Сейм өзеніндегі алғашқы көпір 16 тамызда бұзылған, екіншісі 18 тамызда жойылған. Екі көпірдегі жарылысты Украина әскері мойнына алды.

Блогерлер Карыждағы көпірді соңғы өткел деп атаған, алайда Кекино ауылы маңында да тағы бір көпір бар екені айтылған. Бұл көпірді Ресей әскері азық-түлік, оқ-дәрі тасымалдау үшін қолданады, алайда «ол да іс жүзінде Украина қарулы күштерінің бақылауына өтті, себебі жау жақтың дроны соққылайтын аймақта тұр» деп жазды Подоляка.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы басты міндеті – «басқыншының жерінде буферлік аймақ құру». Украина әскері майданның барлық бөлігінде – Курск облысында да Ресейдің әскери әлеуетін жойып жатыр деді Зеленский.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Bloomberg: Түркия БРИКС-ке кіруге ресми өтініш берді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *