Әлем

Bloomberg: Түркия БРИКС-ке кіруге ресми өтініш берді

Өтініш Еуроодаққа кіру жөніндегі келіссөзде прогресс болмай тұрған кезде, бірнеше ай бұрын берілген деп жазады Bloomberg басылымы. Бұл туралы Орталық Азия Жаңалықтар қызметі хабарлайды. 

Олардың пікірінше, «елдің жаңа дипломатиялық белсенділігі, НАТО алдында өз міндеттерін орындай отырып, барлық елмен байланыс орнатқысы келетін копвекторлық саясатты ұстанғысы келетінін көрсетеді».

БРИКС 2006 жылы құрылған. Оған Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері мүше. 2024 жылдың қаңтарында бұл ұйымға Египет, Иран, БАӘ және Эфиопия кірді. Малайзия, Таиланд және Әзербайжан да өтініш берген.

БРИКС саммиті биыл 22–24 қазанда Ресейде өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *