Кәмелетке толмаған бала басқараған көлік Самара-Шымкент тас жолында апатты жағдайға тап болды. Қаза тапқандардың ішінде ең кішісі 4 жастағы бала, деп хабарлайды «Тілші».
Оқиға 26 тамыз күні 18:45 шамасында тіркелді. Қобда ауданы Әлия ауылы маңындадағы тас жолда Volkswagen Polo көлігі мен Merсedes жүк көлігі соқтығысқан.
— Жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолының 648 шақырымында тіркелді. Оқиға орнында төрт бірдей жолаушы қайтыс болды. Көлікті тізгіндеген кәмелеттік жасқа толмаған бала жедел жәрдеммен медициналық көмекке жеткізілді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды,- деді Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары Аслан Шотанов.
Айта кетейік, полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады.
Жол апаты салдарынан медициналық мекемеге жеткен 4 жасар бала да өмірден өтті. Қайғылы жағдайдан бір үйдің 5 адамы қаза тапты.