Ақтөбелік ТЖҚ қызметкері көмек сұраған әйелдің айқайын елемей, немқұрайлық танытты

Биылғы маусым айында Ақтөбеде болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 55 жастағы Клара Сұлтанбаева өз көлігін сатуға шығарып, қоңырау шалған сатып алушымен кездесуге барған. Осы кездесуден кейін ол байланысқа шықпай қалған. Бір күннен соң оның мәйіті орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Ratel.kz.

Полиция тергеу барысында күдіктіні ұстап, оның гаражынан Сұлтанбаеваның көлігін тапқан. Көлік орындығының астынан табылған телефонда әйелдің соңғы қоңырауының жазбасы сақталған екен. Ол “Мені өлтіріп жатыр!” деп айқайлап үлгерген.

ТЖҚ операторы Әділ Калидолла бұл қоңырауды қабылдаған. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлық танытты деп айыпталып отыр. Қызметкер Сұлтанбаеваның өмірге қауіп төнгені туралы хабарын елемей, тек мекенжайын нақтылаумен шектелген. Бұл әрекетсіздігі үшін оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл жағдай былтыр болған тағы бір қайғылы оқиғаны еске түсіреді. Онда да ТЖҚ қызметкері өлім аузында тұрған қыздың қоңырауына сенбей, көмек жібермеген. Сол істе айыпталған Абылайхан Бержанов алты ай бас бостандығын шектеу жазасын алған.

 

Be the first to comment on "Ақтөбелік ТЖҚ қызметкері көмек сұраған әйелдің айқайын елемей, немқұрайлық танытты"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*