Маңғыстауда есту қабілеті шектеулі жандарға арналған тігін цехы ашылды, деп хабарлайды Isker Tilshi жергілікті коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Тігін цехы 30 есту қабілеті шектеулі жанды жұмыспен қамту үшін толығымен жасақталған. Алғашында тігін цехына 20 адам жұмысқа қабылданып, тігін ісін меңгерді. Олар бастапқыда қарапайым тіке тігісті үйренді. Келесі жылы цехымыз толық 30 адамды жұмыспен қамтиды. НКОК компаниясының демеушілігімен арнайы жұмыс киімдерін тігуге арналған барлық құрал-жабдықтар мен тігін станогтары алынды. Жалпы облыс бойынша туғаннан зейнет жасына дейін «есту қабілеті шектеулі» жандар саны 1200 ден астам», — дейді соңғы жылдары әлеуметтік кәсіпкерлікке ден қойып отырған «Риза-ана» ҚҚ жоба жетекшісі Бибігүл Рамазанова.
Айта кетейік, 2023 жылы «BR Coffee social project» атты әлеуметтік кофехана іске қосылып, 15 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылған.