Apple iPhone 16-ны таныстырады: смартфонның жаңартылған нұсқасы қанша тұрады? Ерекшеліктері қандай?

2024 жылғы қыркүйектің 9-ы, яғни бүгін түнде АҚШ-та Apple компаниясы гаджеттерінің жаңа нұсқасын таныстырады. Оның ішінде iPhone 16 смартфоны бар, де хабарлайды Курсив.

Корпорация алғаш рет дәстүрлі шараны дүйсенбіде өткізгелі отыр
Айта кету керек, таныстырылым күнін таңдаудың өзі жаңалық болды. Себебі сарапшылардың барлығы жиын қыркүйектің 10-ы өтетініне сенімді еді. Өйткені Apple таныстырылымды ешқашан дүйсенбіде өткізбеген. Дегенмен гаджеттер саясатқа қарағанда маңызды емес болып шықты. АҚШ президенттігіне кандидаттардың пікірсайысы 10 қыркүйекке жоспарланған. Apple саяси жиынға кедергі жасамау туралы шешім қабылдады.

Өндіруші биыл қандай жаңалық ұсынады?
Биыл да көптеген жаңалық бар. Біріншіден, компания смартфондардың жаңа желісін – iPhone және оның Plus, Pro және Pro Max нұсқаларын ұсынуы керек. Екіншіден, жаңа Apple Watch және AirPods. Үшіншіден, тұсаукесерде тек гаджеттер ғана көрсетілмейді: қыркүйекте шығарылатын iOS 18-дегі жаңалықтар және Apple Intelligence – AI. Оның негізінде компания технологиясының жаңа функциялары жұмыс істейтін болады.

iPhone 16: тұтынушыларға қандай жаңашылдық ұсынады?
«Apple сүйер қауым» басқа жаңа өнімдерге қарағанда, осы гаджетті көбірек күтеді. Әрине, «классикалық» өзгерістер бар – дисплейдің ұлғаюы: iPhone 16 Pro-да 6,3 дюймге дейін және iPhone 16 Pro Max-та 6,9 дюймге дейін.

Сондай-ақ үш камерамен қатар, смартфондар бұрынғыдан да жұқа бола түсуі мүмкін. Қазіргі уақытта тек Pro жүйесінде қол жетімді «әрекет» батырмасы әдеттегі нұсқаларда да пайда болуы мүмкін. Басқа жаңартулар жетілдірілген қызып кетуден қорғауды және Wi-Fi 7 қолдауын қамтиды.

Баға саясаты
Қазақстанға компания жаңа гаджеттерді тікелей импорттамайды. Себебі елімізде ресми Apple Store жоқ. Бірақ компанияның елде серіктестері бар. Соған сәйкес қазақстандықтар смартфондарды ресми АҚШ-тағы бағамен ала алмайды. Бұл ретте компания ресми бағаларды әлі жария етпеді.

Аладай желіде мынадай бастапқы баға жарияланған:

iPhone 16 128 Гб – 750 мың теңге;
iPhone 16 Pro 256Gb — 1 млн теңге.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы мамырда Apple компаниясы жаңартылған iPad Pro үлгілерін ұсынған еді.

Be the first to comment on "Apple iPhone 16-ны таныстырады: смартфонның жаңартылған нұсқасы қанша тұрады? Ерекшеліктері қандай?"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*