Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізіп, газ құбырын бүлдірген әйел 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: Диапазон

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 39 жастағы әйелдің ісін қарады. Оның кесірінен 3 қазан күні таңертең Алтын Орда ауданындағы 500-ден астам тұрғын газсыз қалған. Бұл туралы Диапазонға сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, таңғы 6:30 шамасында әйел тұрғын үйге газ жүргізу үшін қазылған шұңқырға түсіп кеткен. Сараптама жүргізушінің мас күйде болғанын анықтаған.

Оқиға Мәңгілік ел даңғылында №25Г үйдің қасында болған. Әйел жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлігін аударып алып, газ құбырын зақымдаған.

Заң бойынша мұндай бұзушылыққа 20 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған. Бірақ әйелдің 14 жасқа толмаған баласы болғандықтан, сот оны тек 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Зақымдалған газ құбыры «Сұңқар» жеке құрылыс компаниясына тиесілі екен. Компания басшысы сотқа жүгінбейтінін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *