Company

Ақмола теміржол бөлімшесі астық тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола теміржол бөлімшесі арқылы 419,6 мың тонна астық тасымалданды деп хабарлайды «Тілші» «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлімше басшылығының мәліметінше, экспортталған астықтың басым бөлігі — 84 пайызы — Орталық Азия елдеріне, Иран, Қытай және Ауғанстанға жөнелтілген. Қалған 16,3 пайызы еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізілді.

Айта кетерлігі, бір ай ішінде 85 арнайы астық тасымалдайтын пойыз құрастырылып, олардың 83-і шетелге жіберілді. Тасымалдау жабық вагондар мен арнайы астық тасушы вагондар арқылы жүзеге асырылды.

«Жүк жөнелтушілердің барлық сұраныстары толығымен қанағаттандырылды,» — деп атап өтті бөлімше өкілдері.

Астық тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Ақмола теміржол бөлімшесінде арнайы жедел топтар тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, күн сайын астық штабының отырыстары өткізіліп, онда жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен туындаған мәселелер шұғыл түрде шешіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *