Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) жаһандық қатерлер мен құбылмалы нарықтарда компанияны одан ары нығайтып, дамыту қамында Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізгенін хабарлайды.
Директорлар кеңесінің жаңарған құрамында:
• Шухрат Алиджанович Ибрагимов, Кеңес құрамына 2021 жылы еніп, Директорлар кеңесінің төрағасы сайланған.
• Сабир Патохович Шодиев бұл қызметте Патох Каюмович Шодиевті алмастырды.
• Эдуард Юрьевич Сурлевич бұл қызметте Александр Антонович Машкевичті алмастырды.
• Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин мен ҚР қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевтер Директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.
Бұған дейін Директорлар кеңесіне мүше болған Топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Антонович Машкевич пен Патох Каюмович Шодиев, Алиджан Рахманович Ибрагимов компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. 2014 жылы қолға алынған бизнесті ауқымды трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде ERG салалық стандарттарды қалыптастыратын әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Компания кәсіпорындары орналасқан елдерде ондаған мың жұмыс орындарын ашып, жергілікті қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.
Жаңарған Директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер Компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене араласып, салада мол тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Топ акционерлерімен бірлесіп, ERG-дің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мен міндеттерін атқаруға септесіп келді. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен корпоративтік құндылықтарға адалдығы Компаниядағы бірізділікті сақтап, табиғи буын алмасу процесін қамтамасыз етеді.
ERG-дің миссиясы — Өзіміз айналысатын істе үздік болу. Өз құндылықтарымызға адал бола отырып, әлеммен бірге даму. Жер мен адамзаттың әлеуетін ұқыпты аша отырып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету. Бұл ұстанымдар өзгеріссіз қалады.
Бізге сенім артып, қолдау көрсетіп келе жатқан қызметкерлеріміз, серіктестеріміз бен тұтынушыларға алғыс айтамыз. Біз бірлесіп дәстүрге құрметпен қарап, жаңа жетістікке ұмтылыс пен инновацияларға талпынысты үйлестіре аламыз.
***
Директорлар кеңесін басқара бастаған Шухрат Алиджанович Ибрагимов Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің құрамына 2021 жылы кірді. Ол он жыл бойы ERG Тобының әртүрлі бизнес салаларында еңбек етті, атап айтқанда өндірісте жұмыс істеп көрді. Соның арқасында тау-кен металлургия саласында мол тәжірибе жинақтап, технологиялық процестерді басқару, қаржы ағындарын реттеу және стратегиялық даму жөнінде терең білім алды.
ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі жобаларын басқара отырып, Шухрат Алиджанович өндірісті жоспарлау және халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге жауапты болды. Ол Қазақстан мен халықаралық жобаларды, соның ішінде Қытаймен бірлесіп, әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілерінің үштігіне енген Metalkol кәсіпорнын дамыту жобаларын іске қосуда маңызды рөл атқарды.
Сондай-ақ, Шухрат Ибрагимов — Қазақстан Республикасындағы жетекші сақтандыру ұйымы «Евразия» Сақтандыру компаниясының және әлеуметтік маңызды қаржы институты болып саналатын Еуразиялық банктің Директорлары кеңесінің мүшесі.
Шухрат Ибрагимов бірнеше қайырымдылық бастамаларға атсалысып келеді, Африка мен Азия елдерінің тұрғындарын ауыз су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «I am part of» атты британдық қайырымдылық ұйымының Қамқоршылар кеңесін басқарады. Сонымен қатар ол — Халықаралық Азия кинофестивалінің төрағасы.
2024 жылдан бастап Ш.А. Ибрагимов — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі.
Ш. Ибрагимов Лондондағы Еуропалық бизнес мектебін және Бейжің тіл және мәдениет университетін тәмамдаған.
***
Сабир Патохович Шодиев бизнес пен негізгі процестердің қызметі туралы терең білімін пайдалана отырып, 2008 жылдан бері ERG Тобына кіретін компанияларда жұмыс істеп келеді.
Ол ERG Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі және тәуекелдерді басқару жөніндегі басшының орынбасары болды, ал 2021 жылы Топтың бас атқарушы директорының орынбасары және Қазақстандағы ERG бас директорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқара бастады. Бүгінде ол — ERG Тобының Директорлар кеңесінің мүшесі.
Сабир Шодиев — жылжымайтын мүлік және технология салаларында инвестициялар мен жеке капиталды басқару жөніндегі тәжірибелі маман.
Ол қайырымдылық іспен айналысады, Орталық Азияда (Қазақстанды қоса алғанда), Ресей мен Жапонияда білім беру, қайырымдылық және мәдени жобаларды іске асыру арқылы мәдени мұраны сақтап, адамдардың өмірін жақсартуға ықпал ететін үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы — Шодиев халықаралық қорының директоры.
С. Шодиев — Лондон Университеттік Колледжінің (UCL), Гарвард бизнес мектебінің (HBS) және Ресей Федерациясы Үкіметін жанындағы Қаржы университетінің түлегі. Сонымен қатар ол INSEAD бизнес мектебінде менеджмент жөніндегі бағдарламаны сәтті аяқтаған.
***
Эдуард Юрьевич Сурлевич ERG-де табысты жұмыс істеп келеді. Ол компанияның халықаралық бизнесіне қажетті шикізат секторындағы сатылым, маркетинг және логистика салаларында маңызды құзыреттерге ие, сондай-ақ Топтың өнім портфелін жақсы біледі.
2023 жылдың басынан бері ол ERG бас атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұл қызметте Э. Сурлевич негізінен сатылым және маркетингті дамытуға, сауда компанияларымен жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және Топтың Африкалық бизнесін өркендетуге жауапты.
ERG-ге келмес бұрын, Эдуард Юрьевич Швейцарияда шикізат тауарларымен сауда жүргізетін жетекші жаһандық компанияда жұмыс істеген. Жеткізу тізбегін басқару, логистика және сауда салаларында тәжірибесі мол және ERG Директорлары кеңесінің мүшесі ретінде Топ бизнесінің одан әрі өсуіне ықпал етіп жүр.
Э. Сурлевич Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) халықаралық бизнес және іскерлік басқару факультетін тәмамдаған.