Ақтөбеде скутер айдап келе жатқан екі жас жігіт қаза болды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 5 қазан күні таңғы 4:45 шамасында Ряхов көшесінде болған. 18 жастағы скутер жүргізушісі жол жиегінде тұрған «Камазбен» соқтығысты. Осының салдарынан жүргізуші мен оның 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Полиция абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.