Aqtobe Day Әлеумет

Хромтау ауданында табиғатқа зиян келтірген компания жазаланды

Ақтөбе табиғат қорғау прокурорлары «Восход хром» компаниясына 2,9 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды өз тілшіміз қадағалау орнанына сілтеме жасап.

«Восход хром» — Хромтау ауданының территориясында хром өңдейтін компания.

Прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, «Восход хром» компаниясы 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

Табиғат қорғау прокурорлары жүргізген тексеру компанияның атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттар шығарғанын анықтаған. Бейорганикалық шаң, үш валентті хром, магний оксидінен бөлек 395 мың тонна ірі кесек және шламды байыту қалдықтары да төгілген.

Табиғатты ластаушы компанияға салынған айыппұл толық өндіріліп, бюджетке түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *