Премьер-Министр Ақтөбе облысындағы «Айс-плюс» ЖШС-ға барып, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуымен танысты, деп хабарлайды “Тілші” Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорынның тауарлы-сүт фермасы секілді өзіндік шикізат базасы бар. Жыл сайын өңірде және одан тыс жерлерде сұранысқа ие 40 мың тоннадан астам сүт өнімдері шығарылады. Өндірісте 400-ден астам адам еңбек етеді.
«Айс-плюс» ЖШС басшысы Қуаныш Ищанов өздеріндегі шикізат көлемін ұлғайту үшін ферманы 1,6 мың басқа кеңейту жоспарлары туралы хабарлады. Ол үшін кәсіпкер жеңілдігі бар несие түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды жоспарлап отыр.
«Отандық сүт өнімдерімен толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшу – Президенттің тапсырмасы. Оны іске асыру үшін бізде қажетті шикізат, ресурстар, кадрлар, технологиялар барлығы бар. Үкімет тауарлы-сүт фермаларын іске қосуды белсенді қолдайды және ынталандырады. Инвестициялық салымдар, аналық мал басын сатып алу, сүт өндіру құнын арзандату, сондай-ақ жемшөп сатып алу шығындары субсидияланады. Мұндай жобалар бірден екі негізгі мәселені шешуі тиіс – елімізді сапалы және арзан отандық өніммен қамтамасыз ету және ауылдық жерлердің тұрғындары үшін жыл бойы жұмыс орындарын құру», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Be the first to comment on "Бектенов Ақтөбе облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуымен танысты"