Aqtobe Day Company

Ақтөбелік металлургтер баспаналы болды

Ақтөбеде 60-қа жуық отбасы қоныстойын тойлады. «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері жаңа пәтерлерге ие болды. Бұл шара ERG компаниясы, Ақтөбе облысының әкімдігі және Отбасы банкі арасындағы үшжақты меморандум аясында жүзеге асты, деп хабарлайды «Тілші» ERG компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

38 қызметкер «Алтын орда» (Батыс-2) ауданындағы жаңа ғимараттан пәтер алса, 19 қызметкер қайталама нарықтан баспана сатып алды. Пәтер иелері арасында жас мамандар, тапшы кәсіп иелері және мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрғандар бар.

Отбасы банкі ERG қызметкерлеріне арнайы жеңілдіктер ұсынды: жылдық 5% мөлшерлемемен несие және 10% бастапқы жарна.

Жоба аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның 100 отбасы баспаналы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *