Aqtobe Day

Ақтөбеде қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектер рецептсіз сатылған

Фото: datexcorp.com

Полицияның мәліметінше, Қандыағаш қаласында дәрігердің тағайындауынсыз бөлшек саудада сатуға қатаң тыйым салынған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сату дерегін анықталды.

Дәріханадан 15 ампула мен 6 трамадол таблеткалары тәркіленді.

Есірткі заттары, психотроптық заттар және олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Трамадол – бұл ауырсынуды жеңілдету үшін онкологиялық науқастарға тағайындалатын синтетикалық опиат. Оны дұрыс емес дозалау нәтижесі – есірткіге мас болу және тез тәуелділікке алып келеді.

Препаратты қабылдау галлюцинация, депрессиялық жағдайлар немесе керісінше эйфория күйі сияқты жағдайларды тудырады. Нәтижесінде есірткіге тәуелді адам параличке, аяқ-қолдың ампутациясына, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына және басқа да ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *