Медиа

Журналист Жәмила Маричеваның ісін Жоғарғы сот қарайды

Фото Facebook жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы Qazaqstan IGF форумының панельдік сессиясында «Құқықтық медиа орталығы» ҚҚ құрылтайшысы Гүлмира Біржанова айтты, деп хабарлайды өз тілшіміз Exclusive.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтардың 30-ы күні Жәмиля Маричева өзінің телеграм-каналында аккредитациядан өтпеген Азаттық журналистерін қолдайтын жазба жариялады. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл жазбада «көрінеу жалған ақпарат бар» деп мәлімдеп, Ішкі істер министрлігіне хат жолдаған, содан кейін полиция істі сотқа жіберген.

Мамыр айында сот Маричеваны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп тапты.

Қазір Жәмила Маричеваның ісі Жоғарғы сотқа жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *