Forbes журналының жаңа рейтингі бойынша, 2024 жылы ең көп ақша табатын футболшы – Криштиану Роналду.
Португалиялық шабуылшының жылдық табысы 285 миллион долларға жетеді деп күтіледі. Бұл сома – футбол тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Роналду алаңда 220 миллион, ал алаңнан тыс тағы 65 миллион доллар табады деген болжам бар. Бұған дейінгі рекорд та Роналдуға тиесілі болатын – 2023 жылы ол 260 миллион доллар тапқан.
Екінші орында Лионель Месси 135 миллион долларлық табыспен тұр. Үшінші орынды 110 миллион долларлық табыспен Неймар иеленді. Роналду мен Месси арасындағы айырмашылық – 150 миллион доллар, бұл негізінен Роналдудың Сауд Арабиясында алатын жоғары жалақысына байланысты.
Рейтингтің алғашқы бестігін Карим Бензема (104 млн) мен Килиан Мбаппе (90 млн) толықтырды. Назар аударарлық жайт – тізімдегі футболшылардың көбі қазір Сауд Арабиясы клубтарында өнер көрсетеді.