Aqtobe Day Әлеумет

Хромтаудағы Дөң комбинатында екі жұмысшы көз жұмды

Фото: Hromtau LIVE

«Қазхром» компаниясына қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды «Тілші» Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы компанияның ресми инстаграм парақшасында жарияланды.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері жарақаттанып, көз жұмды.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді», — делінген хабарламада.

Оқиға орнынан түсірілген бейнеден жүгі бар көліктің үлкен жылдамдықпен келе жатып, басқаруды жоғалтып, аударылып, бүкіл жүктің адамдар отырған кабинаға құлағаны көрінеді. Жергілікті әлеуметтік желіде апаттың алдын ала себебі тежегіштің істен шығуы болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *