Home Саясат Молдовада өтіп жатқан президент сайлауының екінші кезеңінде Мая Санду жеңіске жетті
Саясат

Молдовада өтіп жатқан президент сайлауының екінші кезеңінде Мая Санду жеңіске жетті

Молдованың іс басындағы презиендті Мая Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 54,96% дауыс берген. Ал оның қарсыласы Александр Стояногло 45,04% дауыс жинады. Бұл Орталық сайлау комиссиясының 98,74% хаттамаларды өңдеуден кейінгі дауыс берудің алдын ала қорытындысы, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Енді шет мемлекеттердегі сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау ғана қалды.

Молдаваның өзінде хаттамалар 100% өңделді. Орталық сайлау комиссиясының хаттамаларына сәйкес, ел ішінде халықтың көпшілігі Стояноглоға дауыс берген. Осылайша ол 51,19% дауыс жинаған. Ал Сандуды елдің 48,81% қолдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version