Aqtobe Day

Ақтөбелік оқушы жасанды интеллектінің көмегімен қазақ мифологиясындағы кейіпкерлерді бейнеледі

№16 орта мектептің оқушысы Герасимчук Артемий нейрожелі жүйесімен қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлердің жаңаша форматтағы бейнелерін сомдап шықты, деп хабарлайды «Тілші» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Мен бала кезімнен қазақ ертегілерін жақсы көріп оқимын. Ондағы сюжеттер, бейнелер көз алдыма жиі елестейтін. Мен кейіпкерлердің өмірде жоқ, қиялдан туған дүниелер екенін білсем де, олар жайлы үнемі ойланып жүретінмін. Содан заманауи бағдарламалардың мүмкіншілігі көп, ертегі кейіпкерлерінің түр-сипатын неге жаңартпасқа деген ой келді», — дейді Артемий.

Жас бағдарламашы қазіргі таңда нейро желі жүйесімен қазақ мифологиясындағы мыстан кемпір мен жезтырнақтың, Айдаһар мен албастының замануи түр-түстерін бейнелеп шықты.

Бұған қоса шетел мифологиясынан да біршама кейіпкердің кескін-келбетін сомдады.

Бұл жұмыстарды келешек анимациялық фильмдерге, компьютерлік ойындарға, кітап беттеріне пайдалануға болады.

Ғылымға жаны жақын Артемий өнерден де құр алақан емес екен. Айта кетсек, биылғы жылы Орынбор қаласында өткен «Кувандык-2024» гитарамен ән фестиваліне қатысып, I дәрежелі орындаушы номинациясын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *