Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ — 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды.
Күйік шалған екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты және ауыр. Науқастар есін жинап, сұрақтарға жауап берді. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, диагностика жүргізілуде.