Әлеумет

Келесі жылы зейнетақы өседі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі. Нақтырақ айтсақ, ол азаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай 8,5%-ға артады. Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен: ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады. Бұл туралы «Тілші» хабарлайды qazaqstan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл еліміздегі барлық, яғни 2 млн 400 мың зейнеткердің барлығына қатысты. Зейнетақы төлемдеріне келесі жылы бюджеттен 4 млрд 231 млн теңге қарастырылып отыр. Тағы бір өзгеріс, 2025 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражаты 2,5 процентке ұлғаяды.

Тиісінше, салық мөлшері де өседі. Зейнет жасындағы қызметкерлер 1 және 2 топтағы мүгедектіктері бар азаматтар, әскери қызметкерлер және 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған азаматтар салықтан босатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *