Мұнайды сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 150 теңгеге 1000 км-ге 1 тоннаға 11 300 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) арттырады, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.
Бұдан басқа, келесі жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге тарифтері өзгереді.
«Атап айтқанда, „Мақат“ мұнай айдау станциясындағы мұнайды „Кеңқияқ — Атырау“ мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 152,73 теңгеге ұлғайып, 2 436 теңгені құрайды.
«Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қызметке тариф 402,5 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 740 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды», — деп жазды ведомстводан.
«Атасу» бас мұнай айдау станциясындағы мұнайды «Атасу — Алашанькоу» мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 93,87 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 380 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.