Полицияға Ақтөбе облысының тұрғындары кәсіпкерге қатысты арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, жаздың басында кәсіпкер Ресей Федерациясынан жиһаз алып келуге уәде берген, алайда уәдесін орындамаған.
Күдіктінің көрші елге жиһазға тапсырыс бермегені, ал 20 млн теңге ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.
Жалпы, күдікті 20 азаматтың ақшасын иемденген.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.