Aqtobe Day Әлеумет

«Хромтау прокурорлары салықшыларды орнына қойды»: мемкіріс комитеті неміс инвесторларды заңсыз жауапқа тартқан

Фото: nur.kz

Хромтау ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы неміс инвесторларын заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды «Тілші» Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Германиядан келген инвестордың қатысуымен жұмыс істеп тұрған «Шахтбау Қазақстан» компаниясына «салық салу объектілерін жасырғаны үшін 212 994 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған».

Осы олқылықты бұзуға отыз жұмыс күні беріледі. Алайда, мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің бұзушылықты жою үшін заңнамада белгіленген отыз жұмыс күнін күтпей, әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын салған.

Прокурорлар араласқаннан кейін ғана неміс инвесторының құқықтары қалпына келтіріліп, әкімшілік айыппұл салу туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, салықшылардың өздері жауапкершілікке тартылды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тимур Нақыпбеков ҚР ҰЭМ өкілдерімен бірге Ақтөбедегі су тасқыны салдарынан бүлінген бизнес объектілерді аралады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *