Спорт федерацияларына қойылатын талаптар жөнінде таяуда Ұлтық арнадағы «Жедел желінің» тілшілеріне Туризм және спорт министрі Ербол Мрзабосынов айтып берді, деп хабарлайды Tilshinews.kz сайты.
«Федерация басшылары туралы айтылғанда, сыни пікір қатар жүреді. Соның салдарынан олимпиадаларда сәтсіздікке ұшырап жатамыз деп жазған екен көрермен. Жалпы федерация басшыларын тағайындаудың талаптары қандай, кім федерация басшысы бола алады?», — деді хабар жүргізушілері.
«Федерация жеке қоғамдық ұйым, бірақ спорт сарасында жұмыс істегеннен кейін, уәкілетті орган болғандықтан, әр федерация өзі бөлек жұмыс жасайды деген – қате формула. Ол формула кешегіде дәлелденді. Сондықтан, әрине сын бар. Спортқа сай адамдар келмейді, қоғам тілін түсінбейді, әр балаға, әр өңірге жете алмайды, әділетсіздік бар деген секілді сын қоғамды көтеріледі. Бүгінгі күні біз кадрлық саясатқа кірісіп, федерация басшыларына ұсыныс жасап, қандай азаматтар келу керек, нақты талаптар қойылу керек деген секілді жұмыстар атқарып жатырмыз», — дейді Туризм және спорт министрі.
Ербол Мырзабосыновтың пайымынша, көп нәрсе тек басшыға да байланысты емес.
«Оның ішінде бас хатшысы бар, атқарушы директор бар, менеджерлер жұмыс істейді. Сондықтан, ондай жерге баратын азаматтар спорттың толық этаптарынан өткен, спортпен айналысқан, жаттықтырушы болған, бүкіл аудиторияны танитын және таза алаң орната алатын адамды бас хатшы не спорт директоры етіп қою мәселесі қаралады», — деді министр.
Ербол Мырзабосынов федерация президенттерине арнайы жеке критерий қойылатынын тілге тиек етті.
«Егер ол бизнес тарапынан болса, қаражат жағынан көмектесу мәселесі, егер ол спорт бағытынан болса, әлемдік аренадағы аты бар халықаралық жұмыстарды барып, атқарып, халықаралық федерациялармен кездесу жағынан, халықаралық әдістемелерді әкелу жағын қолға алса деген ұсыныстар болады», — деді Мырзабосынов.