Ақтөбе соты Беларусь азаматы Сергей Соловьевті 5 жылға бас бостандығынан, 7 жылға көлік жүргізу құқынан айырды, деп хабарлайды Tilshinews.kz сайты.
Ол 2024 жылғы тамыз айында Самара-Шымкент тас жолында қарсы бағытқа шығып, футбол жарысына бара жатқан 5 бала мен 3 ересектің ажалына себепкер болған еді.
Сот үкімі күшіне енсе, Сергей Соловьев жол апаты салдарынан жақынан жоғалтқан 4 отбасының әрқайсына 7 млн теңге, ал футболшы балалардың жаттықтырушысы Жандос Әбілқаевтың отбасына 20 млн тг моральдық шығын төлейді. Өйткені апатқа ұшыраған көлікте жаттықтырушы екі ұлымен бірге болған.
37 жастағы Беларусь азаматы Сергей Соловьев өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде 2 адамды көлігімен соққан полицей 9 жылға сотталды.