Isker Tilshi

Telegram соңғы үш жылда алғаш рет үлкен табысқа кенелді

Фото: picture-alliance/dpa/A. Shcherbak

2024 жыл мессенджер үшін өте табысты жыл болды. Бұл туралы оның негізін қалаушы Павел Дуров мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Павел Дуровтың айтуынша, мессенджер монетизацияның үш жылында алғаш рет пайда әкеле бастады.

— Биыл Telegram Premium жазылушыларының саны үш есеге өсіп, 12 миллионнан асты. Жарнамадан түсетін табысымыз да бірнеше есе өсті. Нәтижесінде 2024 жылы Telegram-ның жалпы табысы 1 миллиард доллардан асты, біз жылды крипто-активтерді есептемегенде 500 миллион доллардан астам ақша қорымен аяқтаймыз, — деді Павел Дуров Telegram арнасында.

Ол төрт жыл ішінде Telegram шамамен 2 миллиард доллар қарыздық міндеттемелер шығарғанын және оның айтарлықтай бөлігі осы күзде өтелгенін атап өтті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік оқушы Ұлт ұстазына арнап мобильді қосымша жасап шығарды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *