Ақтөбелік полицейлер екі айдың ішінде жол ережесін 308 рет бұзып жылдамдықты асырған жас жігітті ұстады.
Шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы қала тұрғыны облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет рұқсат етілген жылдамдықтан асып түсті.
“Қорғау” жүйесінің көмегімен Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстап, оның қыркүйектің ортасынан бастап 300-ден астам жылдамдық режимін асырумен байланысты құқық бұзушылық жасағанын анықтады.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн 573 мың теңгені құрады.
Құрметті азаматтар! Заңды сақтаңыз және қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін әрекеттерді жасамаңыз. Тек бірлескен күш-жігермен, адалдық пен ашықтық арқылы біз тәртіп пен әділеттілік орнаған қоғам құрамыз.