Aqtobe Day Саясат

Баянбек Қырықбаев Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Астана ауданы әкімінің қызметіне Баянбек Қырықбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне басшылық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қалалық мәслихаты Астана ауданы әкімі қызметіне ұсынылған Баянбек Қырықбаевтың кандидатурасын мақұлдады. Жоғары білімді маман Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін кадастр біліктілігі бойынша аяқтаған.

— ​Еңбек жолын мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының жетекші маманы болып, Ақжайық ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары жер қатынастарының бас маманы, «Ақтөбе Жер ғылыми-өндірістік орталығы» РМК бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары болды. Сонымен бірге Ақтөбе облысы әкімі аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. ​Тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаментін басқарды, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Aktobe Open 2024» турнирінде ирандық атақты гроссмейстер жеңіске жетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *