Home Aqtobe Day Волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» екінші орынға көтерілді
Aqtobe Day

Волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» екінші орынға көтерілді

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының екінші турында «Ақтөбе» мен ел чемпионы «Тараз» алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін қатарынан екі рет жеңіске жеткен ақтөбеліктер (бас бапкері Сергей Трикоз) тараздықтарды тықсыра білді.

Бастапқы екі партия 25:21, 25:19 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына шешілді. Үшінші сетте Юрий Башкатовтың шәкірттері бет қаратпады – 25:15. Алайда олар осы қарқынын жалғастыра алмады – 22:25. Қорытынды есеп – 3:1, «Ақтөбенің» пайдасында.

Сөйтіп ақтөбеліктер 26 ұпай жинап, турнир кестесінде «Жетісуды» ығыстырып, екінші орынға көтерілді. Оралдың «Жайығы» бұрынғыша көш басында.

Екінші турдың қорытындысы бойынша «Ақтөбеден» ресейлік Кирилл Костыленко, «Тараздан» қазақстандық Денис Ещенко үздік ойыншы атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version