Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні 14 сәби дүниеге келді

14 нәрестенің тоғызы — ұл және бесеуі — қыз.Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

2025 жылы ең бірінші сәби Байғанин ауданындағы перзентханада туылды. Сағат 00:10-де салмағы 2900 гр құрайтын қыз бала дүниеге келді. Бұл — Гаухар мен Райымбек Оразғалиевтер отбасындағы төртінші перзент, үшінші қыз.

Ал Ақтөбе бойынша бірінші бала 2025 жылы қалалық Қарғалы ауруханасында дүние есігін ашты келген. Сағат 00: 20-да көп балалы ана 5 баласын дүниеге әкелді.

Шалқар перзентханасында ең үлкен салмақтағы нәрестенің туылу дерегі тіркелді. Сәбидің салмағы 4280 гр.

Сәбилі болған ата-аналардың арасында бірінші болып Қандыағаш қаласында туылған балаға есім берілді. Мұнда сағат 04:55-те Ерсұлтан есімді сәби дүниеге келді.

Барлық жаңа туған нәрестелер мен аналарды стационарлардың әкімшілігі өкілдері құттықтады

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ләззат Оразбаева жаңа қызметке тағайындалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *