Aqtobe Day Саясат

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығына енді Асқар Жүсібалиев жауап береді

Осыған дейін Қарғалы ауданының әкімі лауазымында болған Асқар Жүсібәлиев Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tilshinews.kz.

Ол 1963 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары: 1985 ж. — Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия», 2008 ж. — Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит», 2020 ж. — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысының Исатай совхозында жұмысшы болып бастаған.
1985–1991​жж. «Ақырап» кеңшарының агрономы, «Ақырап» кеңшарының Қазақстан Жастар одағы Лениндік комитетінің хатшысы, Исатай аудандық Коммунистік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қобда аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің нұсқаушысы болып жасаған.

1991–2011 жж. Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, «Бестау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен.

2011–2024 жж. Қобда, Темір, Қарғалы аудандарын басқарған.
2024 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе әкімі Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі жарты ғасыр жөндеу көрмеген аулаларға кірісті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *