Aqtobe Day Әлеумет

«Үйде үш балам күтіп отыр»: қатерлі ісікке шалдыққан ақтөбелік мейірбике жанайқайын айтты

Гүлфара Көшетова. Фото: жеке мұрағатынан

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының 32 жастағы тұрғыны Гүлфара Көшетова бір жылдан бері жатыр мойыны қатерлі ісігімен күресіп келеді. Ауыл мейірбикесінің екі өкпесінен де күтпеген жерден қатерлі ісік анықталып отыр. Үш баланың анасы Түркиядағы емі үшін жеткілікті қаражат таппай, жанашыр жандардан көмек сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

32 жастағы Гүлфара Көшетова 2024 жылдың қаңтарында денсаулығында кінәрат барын сезген. Содан бастап қайта-қайта қан тапсырғанын, алайда талдау нәтижелерінде аурудың белгісі көрінбегенін айтады.

«Өзім ауылда мейірбикемін. Ауру белгілері біліне бастағаннан анализдер тапсырдым. Бір анализімде үш миома көрсетті. Уақыт өтіп жатты. Ауданымызға қандай мықты дәрігер, профессор келді, бәріне бардым. Диагнозым анықталмай уақыт өткізіп алдым. Бір диагностикада жеті миома бар деп көрсетті. Сол кезде МРТ-ға түстім. Сонда барып жатыр мойыны қатерлі ісігі деген диагноз анықталды. Жатырымды алып тастады. Содан кейін екі өкпеге метастаза кеткені белгілі болды», — дейді Гүлфара Көшетова.

Мұны білген үш баланың анасынан маза кетіп, бірден Түркиядан дәрігерлер іздеп тапқанын айтады. 32 жастағы келіншекті Ыстамбұлдағы Biruni University ауруханасының дәрігерлері шамамен 20 млн теңге сомаға емдеуге келісіп отыр.

«Жақындарым жан-жақтан ақша жинап, бүкіл мал-мүлкімізді сатып мені Түркияға алып келді. Толық ем үшін әлі де қаражат керек. Бірінші химиятерапиядан өттім. Жергілікті дәрігерлер екі өкпемдегі метастазадан бөлек, жатырда 7 см ісік қалып кеткенін айтып отыр. Қазақстанда ота дұрыс жасалмаған», — дейді ол.

Гүлфара қиналып жүргенін, бірақ ауруға берілгісі келмейтінін айтады. «Өзім шетелге шықсам деп паспорт жасатып, армандап жүрген едім. Бірақ дәл мұндай болып шығамын деп ойламадым. Қарапайым ауылда тұратын келіншекпін. Үйде үш балам күтіп отыр. Соларға аман-есен жазылып барсам екен», — дейді Гүлфара Көшетова.

Гүлфара Көшетованың еміне қаражатты төмендегі реквизиттер арқылы жіберуге болады:

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Талғардағы трагедия: қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды

Реквизиттер: Kaspi Gold 4400 4301 4741 9284

Телефон нөмірі: 8747 678 89 59

Жанаргул Т. Halyk bank 5522 0433 6487 8112

Телефон нөмірі: 8747 678 89 59 Жанаргул Т.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *