Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде кепілге алынған тұрғындардың екеуі көз жұмды, бірі ауыр халде

Фото: Zakon.kz

Ақтөбеде 2025 жылдың 13 қаңтары күні кешке өз үйінде кепілге алынған қария мен әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,​13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.

​Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды.

​Өкінішке орай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.

​Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

​Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланатын болады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе қаласының қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *