Екі демократиялық саясаткер АҚШ президенті Джо Байден мен Конгреске TikTok-қа қатысты 19 қаңтарға белгіленген тыйым мерзімін ұзартуды сұрады. Бұл мерзімге дейін TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясы АҚШ-тағы операцияларын сатуы керек. Егер талап орындалмаса, қосымшаға толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
TikTok пен ByteDance Жоғарғы сотқа бұл талаптың заңсыз екенін дәлелдеуге тырысуда. Компаниялардың адвокаты Ноэль Франциско «мұндай үлкен сатуды бірнеше күнде аяқтау мүмкін емес» деп мәлімдеді. Егер тыйым салынса, АҚШ-тағы TikTok-тың 170 миллион пайдаланушысы платформаны қолдана алмай қалады, ал қосымша толығымен жұмысын тоқтатады.
Ал Ақ үй мәселе бойынша әлі түсініктеме бермеді.