Aqtobe Day Әлеумет

Полиция қатты аяз салдарынан трассада қалғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп келеді

​23 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында 30 градус аяз болды. Алайда, кейбір жүргізушілер құтқарушылар мен полицияның ұсыныстарын елемеді.

Түнде Ырғыз ауданында «Самара-Шымкент» автожолында полиция жасағы жол жиегіндегі автобусты байқаған. 82 жолаушысы бар автобус Шымкент-Уфа бағытына қарай келе жатқан. Алайда, трассада автобус істен шыққан. Полиция ТЖД қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту пунктіне 84 адамды, оның ішінде 3 баланы (РФ, Өзбекстан және Тәжікстан Республикасының 82 азаматы және Қазақстан Республикасының 2 азаматы) жеткізді.

Сол түні Қобда ауданында Самара-Шымкент автожолында да техникалық ақауына байланысты БҚО бағытынан ОҚО қарай бара жатқан 25 шетелдік жолаушысы бар автобус тұрып қалды. Жүргізушісі мен жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда әртүрлі техникалық ақауларымен 30 ауыр жүк автокөлігі және 2 автобус тұр. Полиция және жергілікті атқарушы органдар оларға жан-жақты көмек көрсетуде.

Полиция департаменті азаматтарды алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеруді және синоптиктердің ұсыныстарын тыңдауға шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде 4 жолаушының өліміне себепкер болған такси жүргізушісінің соты басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *