»Ақтөбе-Орск» автожолында Шилісай тұрғын алабының маңында «Ваз-21102» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғанын анықтады.
Жүргізілген сараптама 43 жастағы жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.
Көлік құралын басқару құқығынсыз, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқару дерегі бойынша тергеп-тексеру басталды.
Жүргізуші өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылып, 5 жылға дейінгі нақты мерзімге сотталуы мүмкін.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.