Aqtobe Day Саясат

Мейрамбек Махамбетов Ақтөбе облыстық спорт басқармасына қайта оралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетов тағайындалды.

Ол 1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары: 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану», 2014 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт бойынша Комитетінің референті болып бастаған.

2011-2014 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Денешынықтыру департаментінің бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

2014-2018 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы, қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларын басқарған.

2020-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап Республикалық сурдо футбол және футзал федерациясының Президенті қызметін атқарып келді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тұңғыш президент саябағындағы жалға берілген жердің ақшасы қайда?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *