Aqtobe Day Саясат

Асхат Шахаров аппарат басшысынының орынбасары лауазымына Оксана Сопрунды шақырды

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Оксана Анатольевна Сопрун тағайындалды.

Ол 1976 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары: 1995 жылы – ҚР Көлік министрлігінің Ақтөбе темір жол техникумында «Үйлерді, ғимараттарды пайдалану құрылысы», 2001 және 2011 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Қаржы және несие» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Казахтранстехмонтаж» АҚ Ақтөбе филиалының өндірістік техника бөлімінің технигі болып бастаған.

1996-2005 жылдары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеген.

2005 жылдан бастап Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші маманынан бастап, бас маманы, бөлім басшысы және орынбасарына дейін көтерілген.

2018-2024 жылдары аралығында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тарихта әйелдер бейнесі қалай көрсетіледі? Танымал зерттеуші Ақтөбеде өткен кездесуде осы сауалға жауап іздеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *